Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Балаңның жанынан қабіріңді қаза бер»: Салтанаттың ағасы Шерзаттың отбасы жайлы айтты

16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі мен қылмыстық істің мән-жайы туралы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат порталы Baigenews.kz басылымына сілтеме жасап.

«Балаңның жанынан қабіріңді қаза бер»: Салтанаттың ағасы Шерзаттың отбасы жайлы айтты

Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасына белсенді түрде көмектесіп келеді. Ол марқұмның ата-анасына тегін заң көмегін ұйымдастырған. Оның сөзінше, Шерзаттың отбасына бұған дейін қоқан-лоқы жасалған.

«Іске кіріскеннен бері Шерзаттың әкесіне бір рет тікелей қоқан-лоқы жасаған. Бейтаныс адамдар Қаржаубайға көмектескісі келетін адвокатпен байланыстыратындарын айтып, телефонды көтеруді сұраған. Телефон арқылы Қаржаубайға «Тынышталмасаң, балаңның қасынан қабіріңді қаза бер» деп хабарласқан», – дейді ол.

Айтбек Амангелді тергеу органдары бұл деректі тексеріп жатқанын айтты.