Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Тойға барғандай»: Талғарда қаралы үйге мобилограф ертіп барған Назаров сынға қалды

Белгілі спортшы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров сынның астында қалды. Журналист Гүлбану Әният тіпті оған депутаттық мандатын тапсыруға кеңес берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тойға барғандай»: Талғарда қаралы үйге мобилограф ертіп барған Назаров сынға қалды
фото: әлеуметтік желіден

«ҚАРАЛЫ ҮЙГЕ ЕМЕС, ТОЙҒА БАРҒАНДАЙ»

Мәселе былай: қоғамды дүр сілкіндірген оқиға бойынша депутат Талғарға барған. Онда журналистердің қойған сауалына дөрекі жауап берген. Ол – ол ма, қаза болған жерге мобилограф ертіп барыпты. Журналист Гүлбану Әният Ардақ Назаровты қаралы үйге емес, тойға барғандай деп сынады.

 «НЕНІ КӨРМЕКШІ?»

Ардақ Назаров – Алматы облысынан сайланған депутат. Талғар өзінің округі. Не үшін барды? Не бітірді? Халық қан жылап тұр. Ал мұның жүрісін, жауабын қараңыз. «Көріп алайын» дейді, нені көрмекші? Қасына мобилограф ертіп алған, тойға барғандай. Жүрген-тұрғанын видеоға түсіріп, әдемі пост жазып қойыпты. Бардым, халықтың қасынан табылдым деген отчет үшін бе? Сәл ғана намысы болса, депутаттық мандатын тапсыра салу керек қой, - деп жазды журналист өзінің Facebook-парақшасында.