Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Лас жолмен байымай-ақ қойыңдар»: Журналист ішімдік сататын кәсіпкерлерге шүйлікті

Танымал журналист әрі тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек ішімдік сатып, сауда жасайтын қазақтарды сынады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Лас жолмен байымай-ақ қойыңдар»: Журналист ішімдік сататын кәсіпкерлерге шүйлікті
фото: әлеуметтік желіден

Ол халықты өзбектер сияқты тандыр сатып, алғыс айтуға шақырды.

«Спирттік ішімдік сатқандарды өз басым сыйламаймын! Не десеңдер, о деңдер! Қаншама отбасылар осындай арақ, пиво ішіп, есірткі шегіп, отбасыларының ойранын шығаруда. Арақ зауыты болған, ағайынды БМ-нің тағдыры немен аяқталды? Бір құты арақ пен пиво, бір грамм есірткі миллиондаған жастардың тағдырын құртуда…Сол үшін, осындай лас жолмен байымай-ақ қойыңдаршы, сендерге берер ақылым. Есесіне өзбектер сияқты тандыр наныңды сатып, алғыс алсаңдаршы», — деп жазды журналист желідегі парақшасына.