Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жалаңаш күйде фотоға түсіріп, таратып жіберді: Дана Нұржігіт экс-күйеуі туралы сұмдық деректі баяндады

Журналист, медиа-маман Дана Нұржігіт экс-күйеуінің не үшін үш жылға сотталғанын баяндап берді, деп хабарлайды paryz.kz. Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Жалаңаш күйде фотоға түсіріп, таратып жіберді: Дана Нұржігіт экс-күйеуі туралы сұмдық деректі баяндады
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында жария қылды.

“2019 жыл мен 2022 жыл аралығында ғана некеде болдық. Бірақ ажырасқан соң да оның қитұрқы әрекеттері тоқтаған жоқ. Мені аңдуды шығарды. Күн демей, түн демей қоңырау шалатын. Бассейнде жүзіп жүріп басымды көтерсем, алдымда тұрады. Жұмыстан шықсам, көлігімнің жанында күтіп тұрды, дәрігерге жазылсам, сол жерде жүреді, тіпті осы жайттардың бәрінен соң денсаулығым нашарлап, процедурада жатқанымда, сол жерге кіріп келді. Көшеде кетіп бара жатсам, "кіммен сөйлесіп бара жатсың, біз туралы айтып жатсың ба?" деп қоңырау шалатын. Шыны керек, алаңдамай жүре алмайтын күйге жеттім, құдды біреу үнемі аңдып тұратындай көрінетін. Міне, 2022 жылдың екінші жартысы мен 2023 жылды осы күйде өткіздім. 2024 жылғы 13 маусымда сот үкімі күшіне енді” – деді журналист.

“Бұл жағдай мені сүйікті мамандығымнан да, денсаулығымнан да айырды. Эфирге шыға алмай қалдым, қатты күйзелдім, ренжідім. Денсаулығым мен моральдық және қаржылық шығындарымды қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт керек болды. Маған осы тақырыпта айту қиын. Бірақ толық баяндап беруді енді үйреніп жатырмын. Бар күшім тек осы процеске жұмсалған еді", – дейді Дана Нұржігіт.

Медиа маман экс-күйеуін интим фото-видеоларды түсіргені үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша үш жылға соттатып жіберді. Дана Нұржігіт сталкингке байланысты арнайы заң жобасын еңгізуді талап етіп отыр. Бұл туралы ол өз парақшасында жазды.

 "Мен сталкингке, киберсталкинге қарсы күресті тоқтатпаймын. Қылмыстық кодексте арнайы бап болуын талап етемін! Кеше ғана ІІМ, сенатқа депутат болып барған Марат Шәдетханұлы Қожаев мырзаның назарына, мәжіліс депутаттарының назарына! Бұл адам құқығы мәселесі. Қауіпсіздік мәселесі. Жеке мәліметтердің таралмауы, ал қолды болған жағдайда қылмыскердің шоқпарына айналмауы заңмен реттелеуі керек!", – деп жазды ақпарат саласының өкілі.