Мақпал Жүнісова композитордың ұлын біреулер қастандықпен өлтіргенін айтты.
«Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына,қарындасымен бауырына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Жүнісова.