Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Баламды өлтірді. Өзімді полиция қорқытады»: төбелесте қаза болған Шерзаттың әкесі үндеу жасады

Талғардағы төбелесте қаза болған 16 жастағы Шерзаттың әкесі Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жасады,деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Баламды өлтірді. Өзімді полиция қорқытады»: төбелесте қаза болған Шерзаттың әкесі үндеу жасады
фото: видеодан скриншот

«Мен Бас прокурор Берік Ноғайұлына тікелей үндеу айтқым келеді. Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесімін. Талғар әкімдігі, прокуратурасы мен ішкі істер департаментінің басшысы ешқандай әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Менің марқұм болған баламның аты-жөнін де білмейді. Қал-жағдайымызды сұрауға да шамалары жетпей тұр. Түнде бізді тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, арыз жаздыртып отыр. Сізден сұрайтыным: ашық сот болуын талап етемін. Өлетін балам өлді, мені де алсын, мені де қамасын, бірақ әділ шешім үшін ашық сот болсын», - дейді Шерзаттың әкесі.

Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қазанында Алматы облысы Талғар деген шағын қалада марқұм Шерзаттың әкесі мен анасы жалдап отырған дүкенге бір жігіт келген. Ол сыра алып, оның ақшасын төлегісі келмей, жанжал тудырған. Видеодағы жігіттің інісі мен ұлы, яғни, Шерзат бұзақыны тыныштандырып, сыртқа шығармақ болған. Сол сәтте ол бір топ досын шақырып, төбелес шығарған. Суыт қару асынған күдіктілер баланы анасының көзінше пышақтап кеткен. Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Қабдуалиев қылмыс жасағандар қамалғанын айтқан еді.