Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Мақатаев «жаловаться» ете беретін сорлы еркек» деген блогер тізерлеп кешірім сұрады

Әлеуметтік желіде өзін рилсмейкер ретінде таныстырып жүрген Әлішер Теменов есімді қолданушы жарнама жасау барысында Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген әрекеті үшін  сынға қалып, осы ісі үшін ақынның ескерткішіне барып кешірім сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Мақатаев «жаловаться» ете беретін сорлы еркек» деген блогер тізерлеп кешірім сұрады
фото: видеодан скриншот

Ол жарнамаларының бірінде Мұқағали Мақатаев жалпы «жаловаться» ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай деген.

 «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай» дейді. «Ей, сен бл… (жаман сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді. Сосын барамыз ғой. «Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай» дейді. Причем тут, құдай? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой, не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен «үйді қашан береді» деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің», – дейді ол.

Блогердің даулы сөзі қоғамда резонанс тудырды.

«Басқа пәле тілден» деген. Хайп қуып, ақша табам деді ме екен, мына «оттап» отырған сорлыны Қарасаздың жігіттері алып кетіпті. Әйелі үйінде жан таппай отыр екен. Онлайн кешірім сұрағанына да қарамаған. Қазір әлеуметтік желіде «парақшам өзімдікі, не айтам өзім білемін, ұнамаса отписка жаса» деп қуып отыратын «данышпандар» көбейген. Оларға заң жүрмейтін сияқты. Мына шаласауатты Нарынқолдың жігіттері мертіктірмей аман жіберсе болды. Ауыз өзімдікі екен деп оттай беруге болмайтынын жақсылап ұқтырды деп ойлаймын», - деп жазды журналист Гүлбану Әниятқызы. 

Осы әрекетінен кейін атышулы блогердің Мұқағали Мақатаевтың ескерткішінің алдына барып, басын иіп кешірім сұрағаны белгілі болды. 

«Қазақ елінің алдында жасап қойған үлкен бір еркелігімді аруақ кешірсін деген ниетпен дәл қазір Мұқағали атамыздың үйінің алдында тұрмын. Барша қазақ елінен жасаған үлкен қателігім үшін кешірім сұраймын», – дейді блогер Әлішер Теменов.