Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Астанадағы Абай мектебінің оқушылары ұялы телефоннан біржола бас тартқан

Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы № 87  мектеп-гимназиясының оқушылары мектеп ішінде ұялы телефон ұстамайтын болған, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Астанадағы Абай мектебінің оқушылары ұялы телефоннан біржола бас тартқан
Фото: istockphoto.com

Қалалық білім басқармасының берген ақпаратына сүйенсек, мектеп әкімшілігінің ұсынысын ата-аналар мен оқушылар қолдаған.

«Мектепте телефон ұстаудан біржола бас тартқан соң оқушылардың білімге құштарлығы артты, бос уақытында шахмат, тоғызқұмалақ ойнап, достарымен сөйлеседі. Басында оқушылар бұл шешімге ренжіп, қарсылық танытқан. Бірақ, қазір сабақ үстінде телефондарын өз еркімен тапсырады. Бастама осыдан екі жыл бұрын басталған болатын», - деп хабарлады мектеп әкімшілігі.