Желіде жұрт Iphone 12 ұстаған Бекшинді қызу талқылап жатыр (ВИДЕО)

Алайда Алматының Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті смартфон Жандарбек Бекшинге тиесілі еместігін жазған. 

Желіде жұрт Iphone 12 ұстаған Бекшинді қызу талқылап жатыр (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "Ashyq" мобильдік қосымшасын пайдалана бастаған нысандарды тексерді. Әлеуметтік желі қолданушылары тексеріс барысында Бекшиннің Iphone 12 ұстап тұрғанын байқап, пікір жаза бастады, деп хабарлады paryz.kz.

Алайда Алматының Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті смартфон Жандарбек Бекшинге тиесілі еместігін жазған.

Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Instagram парақшасына қолданушының бірі "Бекшин Iphone 12 ұстайды екен" деп жазған. Алайда парақшада смартфон Бекшинге емес, спорт кешенінің директорына тиесілі екенін, арнайы қосымша осы смартфонға орнатылғандықтан, қаланың бас санитары қосымша қызметін осы құрылғымен тексергенін жазған.