Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге әкелді

Осы орайда, денсаулық сақтау басқармасындағылар Шымкентте демографиялық өсім жақсарып келе жатқанын айтты...

Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге әкелді
фото: дереккөз

Шымкенттік көпбалалы ана оныншы перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлады paryz.kz, otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген 41 жастағы Айжан Пайшанованың бұған дейін 6 ұлы, 3 қызы болған. Дәрігерлердің айтуынша, бала мен ананың қазіргі жағдайы жақсы.

"Нұрсәттегі перзентханаға алғысым шексіз. Сіздердің бәріңізге рахмет айтамын. Барлық жағдай жасалған. Дәрігерлер дембе-дем балама да, өзіме де жақсы қарап жүр", - деді көпбалалы ана.

Осы орайда, денсаулық сақтау басқармасындағылар Шымкентте демографиялық өсім жақсарып келе жатқанын айтты. Жыл басынан бері қалада 4892 сәби дүниеге келген. Жылдың алғашқы 2 айында өмірге келген сәбилердің басым бөлігі ұл балалар екен.