Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Фейримен жуып, қайта береміз». Желі қолданушысы жілік сүйегіне басқа май салатынын жайып салды

Желіде мейрамхана асханасынан видео тарады. Онда белгісіз әйел жілік сүйектерін жуып ішіне май салатындарын айтады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Фейримен жуып, қайта береміз». Желі қолданушысы жілік сүйегіне басқа май салатынын жайып салды
фото: видеодан скриншот

«Жілік жеп өздерінше болатын қыздарға арналады. Мына сүйектің барлығын фейримен жудық. Енді осының ішіне май салып береміз», — дейді видео авторы. Мұны көрген желі қолданшылары өз таңданыстарын жасыра алмады.

«Бәсе, неғылған тегін жілік деп едім», «Енді жіліктің майын жеп болған соң сүйегін пакетке салып алып кету керек болды», «Мына ханым қазақтың көзін ашып отыр», «Біреудің мүжіп тастаған сүйегін қайта жуа ма сонда?», деп жазды олар.