Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармалары мен бөлімдері басшыларының телефон нөмірін жариялады. Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында жариялады.
«Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды», - деп жазды Аймағамбетов.