Тасмағамбетов ұлттық музейге ертоқым сыйлады

"Мынау сүйекпен әшекейленген әдемі ертоқым", - деген сөзі де естіледі...

Тасмағамбетов ұлттық музейге ертоқым сыйлады
фото: ашық дереккөз

Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов ұлттық музейге құнды жәдігер тапсырды. Бұл туралы музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімеді, деп хабарлады paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қымбатты достар, бүгін танымал мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ мәдениетінің жанашыры Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Ұлттық музейге құнды тарту сыйлағанын қуанышпен хабарлаймын. Музей қоры ХVIII ғасырға тән Адай ерімен толықты..." - деп жазды Мұхамедиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Музей директоры құнды жәдігерді тапсыру салтанатының видеосын жариялады. Онда Иманғали Тасмағамбетовтің ертоқымды өз қолымен тапсырып жатқанын көруге болады.

"Мынау сүйекпен әшекейленген әдемі ертоқым", - деген сөзі де естіледі.

Осыдан кейін мемлекет қайраткері ұлттық музейді аралап шықты.