Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Сумен жабдықтау, жол жөндеу және абаттандыру – Медеу ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіледі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданыныңтұрғындарымен кездесіп, экономикалықкөрсеткіштерді айтып, тұрғындардың сұрағынажауап берді. Қала басшысы ең үлкен аудандабизнес орта дамып келе жатқанын атап өтті, бүгінде мұнда 45 мыңнан астам кәсіпкерліксубъект жұмыс істейді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Сумен жабдықтау, жол жөндеу және абаттандыру – Медеу ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіледі
Фото: gov.kz

Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша олар бюджетке 250 млрд теңгеден астам құйған немесе жалпы қалалық салық түсімнің 23%-ы соларға тиесілі,

Сонымен қатар, жыл басынан бері құрылысжұмыстары 13,3% ұлғайды, негізгі капиталғасалынған инвестиция 12,5% өсіп, 133 млрд теңгегежетті.

Аудан тұрғындарын сапалы сумен және кәрізбенқамтамасыз ету басым мәселенің бірі болып қалабереді. Бұл бағытта маңызды нәтижеге қол жеттішаһар басшысының тапсырмасымен биыл«Балқаш» таза су резервуары пайдалануға берілді. 7,3 мың текше метр суға 7 резервуар салынды, тәулігіне 15,7 мың м3 су өткізу қабілеті бар 3 жаңаұңғыма қайта жаңартылып, 3 жаңа ұңғымасалынды. Бұл «Каменск үстірті» шағынауданындағы су тапшылығы мәселесін шешті.

Биыл шілдеде Мемлекет басшысыныңтапсырмасымен қуаты тәулігіне 32 мың текше метр сумен жабдықтаудың резервтік схемасыпайдалануға берілді. Судың негізгі көздері жерасты суларының Талғар кен орындары, ол жерденсу каскадты тәсілмен беріледі. Жобаны жүзегеасырудың арқасында ауданның 50 мың тұрғынысумен тұрақты қамтамасыз етілді.

Ерболат Досаев таулы және тау бөктеріндегі аудантұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етумәселесін қозғады. Атап айтқанда, қала басшысыбиыл ақпанда «Таусамалы» шағын ауданындаболған лай көшкінінің салдарын жою бойыншақабылданып жатқан шараларға тоқталды. 2024 жылы наурыз айынан бастап 1 500 шаршы метр еңістік аумағы қоқыстан және қираған құрылымнантазартылды, көлемі 800 текше метр темірбетонқұрылымы бөлшектелді, габион конструкцияларыорнатылды. Керегелі-торлы жүйені орнатужалғасуда. Осы жылдың қазан айына дейіндренаждық құбырлар, арық жүйесі және құдықтарорнатылады. Бұл жұмыстарға 1,5 млрд теңгебөлінді.

Қала әкімінің тапсырмасымен құрылған жұмыстобы ауданның 74 қауіпті учаскесін тексерді, 10 учаскеде жағдай тұрақты, қосымша жұмыстаржүргізуді талап етпейді. Көшкін қаупі жоғары 11 учаскенің 5-ін нығайту және қалған 6 учаскенісатып алу жөнінде шешім қабылданады. 53 учаскебойынша кешенді жұмыстар жоспарланған.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуды тілге тиекеткен қала басшысы жыл соңына дейін 64 мың ш.м. жол төсемі ағымдағы жөндеуден өтетінін, қазір 43,3 мың ш. м. жөнделгенін, сондай-ақ 26 көшеде 23 км жолды орташа жөндеу жүргізіліп жатқанын, оныңішінде 6,6 км жол жөнделгенін айтты.

Медеу ауданында оқушы орындарыныңтапшылығы мәселесін шешу үшін 2025 жылдыңсоңына дейін үш жаңа мектеп ашу жоспарланған. Олар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындасалынып жатқан 2 мың орындық және «Думан» шағын ауданында және Талғар тас жолындағы 1 800 орындық екі мектеп.

Жайлы демалыс үшін алматылықтардың сүйіктіорнына айналған – Терренкур қайта жаңғыртылыпжатыр, сондай-ақ «Бутаковка» өзенінің арнасынығайтылып, жанында жаңа қоғамдық кеңістікпайда болады. Екі нысандағы жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.