Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматы инвестициясы: Қала бюджетінің есебі қандай?

Алматыға жарты жылда 715 млрд теңге инвестиция тартылды. Биыл 6 айда Алматыда негізгі капиталға 715 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім 15,8%. Жеке инвестиция 21,1% өсіп, 656,4 млрд теңгеге жетті, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы инвестициясы: Қала бюджетінің есебі қандай?
Фото: Paryz.kz

Әсіресе, инвестиция IT-сектор (3,8 есе өсу), туризм (2,5 есе), өңдеуші өнеркәсіп (2 есе), денсаулық сақтау (2 есе) және көлік саласында (+47,1%) байқалған.

2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10% өсіп, нақты өсім 2 трлн теңгеден астам сомаға бағаланды.

Ал Алматы мемлекеттік бюджетке түсетін түсім үлесін жарты жылда 27,5% арттырды. Алматыда жергілікті бюджеттің кірісі тұрақты түрде өсіп отыр. Биылғы бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджет түсіміндегі қаланың үлесі 27,5% өсті, деп хабарлайды шаһардың қаржы басқармасы.

Жергілікті бюджетке 23,1%-ға көп кіріс немесе 986 млрд теңге аударылды. Алматының 2024 жылға арналған бюджеті 183,5 млрд теңгеге өсіп, 1 807,6 млрд теңгеге жетті. Бұған қоса, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 96,8 млрд теңге бөлінеді.

Осыдан кейін Алматыда туристік салаға бөлінетін инвестиция 2,5 есе өскенін бапйқаймыз. Нақты айтқанда, Алматыда биылғы 1-тоқсанының қорытындысы бойынша мегаполисте туристердің жалпы саны 473 309 адамға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6% көп. Шетелдік туристер саны 3,4% өсіп, 122,8 мың адамнан асты.

Туристік салада жұмыспен қамтылған халық саны 2,6% артып, 80 838 адамға немесе Алматының еңбекке қабілетті халқының жалпы санының 7,4%-на жетті.

Сонымен қатар, 6 айда туризм саласына салынған инвестиция 2,5 есе өсіп, 45,2 млрд теңгені немесе негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы санының 6,3% болды. Осы саладағы салық түсімі екі есе өсті - биыл 1-тоқсанында ол 21,7 млрд теңгеге жетті. Жергілікті бюджеттің салық кірістерінің жалпы көлеміндегі түсімнің үлесі 5,2%-ды көрсетті.

Көрсеткіштердің өсуі Алматының туристік дестинация ретіндегі тартымдылығының артқанын көрсетеді. Өз кезегінде туристік қызмет пен инфрақұрылымға сұраныстың артуы инвесторларды тартады, жаңа жұмыс орындарын құруға және сапалы қызмет көрсетуге жетелейді.

Мәселен, биыл маусым айында Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар легін 14 млн адамға дейін ұлғайтқан жаңа терминал ашылды. Соңғы 5 жылда Алматыда 1 375 нөмірлі 14 қонақ үй ашылды, оның ішінде желілік деңгейдегі қонақ үйлер (Hilton, Accor және InterContinental) бар. 2027 жылы нөмірлік қорды 1,5 есеге - 17 мың нөмірге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.