Еске сала кетсек, 2017 жылдан бері көктем кезінде үйректерді атуға тыйым салынған еді...
Құс ату маусымы әр өңірде 15 күнге ғана ұласады, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Оның өзінде бір уақытта емес, әр аймаққа бекітілген кестеге сай іске аспақ. Жалпы үйрек ату маусымы наурыздың1-інен басталып, мамыр айының 15-не дейін жалғасады. Бұл кезде тек үйректің аталығын атуға рұқсат.
Еске сала кетсек, 2017 жылдан бері көктем кезінде үйректерді атуға тыйым салынған еді. Бұған 2014-2015 жылдары үйрек санының 2 миллионға азайғаны себеп болған.