Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте полицейлер журналисті соққыға жыққан

Журналист репортаж жасау үшін оқиға орнына келеді. Алайда тәртіп сақшылары видео түсіруге кедергі болған.

Шымкентте полицейлер журналисті соққыға жыққан
фото: ашық дереккөз

"Астана" теларнасының Шымкенттегі меншікті тілшісі Бахрамбек Тәлібжановты полицейлер соққыға жықты, деп хабарлады paryz.kz, "Әділ сөз" қорына сілтеме жасап.

Оқиға 2 наурызда болған. Түнде көлік бөлшектері қоймасынан өрт шығады. Журналист репортаж жасау үшін оқиға орнына келеді. Алайда тәртіп сақшылары видео түсіруге кедергі болған.

"Үш полицей Бахрамбек Тәлібжановтың қолын бұрап, біреуі бетінен, кейін бүйрек тұсынан соққы жасады. Осы уақытта Бахрамбектің әріптесі 31 арна тілшісі Бахром Әбдуллаев келді. Ол оқиғаны телефонға түсіре бастады. БАҚ өкілдерін Абай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді", - деді қордан.

"Астана" телеарнасының тілшісі болған оқиғаға байланысты арыз жазды. Шымкент қалалық Полиция департаментінде қызметтік тексеріс басталды.

"2021 жылдың 2 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Е. Жұмаханбетов республикалық арналардың тілшілерімен кездесті. Болған жағдай талқыланды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметтік тексеріс аяқталғанға дейін сабыр сақтауға шақырды.