Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Контрацептив пайдалану түсіндіруліде: Биыл 714 жасөспірім қыз ана атанған

Жуырда Павлодар облысында босанған 12 жастағы қыз жұртты шулатты. Massaget.kz тілшісі былтыр және биыл кәмелетке толмаған қанша қыз ана атанғанын анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Контрацептив пайдалану түсіндіруліде: Биыл 714 жасөспірім қыз ана атанған
depositphotos.com
  • Қанша оқушы қыз (колледж студенттері, мектептен тыс оқитындар) дүниеге сәби әкелді?
 

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми жауабына сүйенсек, былтыр 14 жасқа дейінгі 11 қыз босанған, биыл 6 айдағы көрсеткіш бойынша 14 жасқа дейінгі 12 қыз ана атанған.

Былтыр 15-17 жас аралығындағы 747 қыз, биыл 714 қыз босанған.

  • Ерте босанғандар қай өңірлерде?

Министрлік 14 жасқа дейін ана атанған қыздар қай өңірлерде тіркелгені туралы мәлімет ұсынды:

  • Шымкент - 1 (2023 жыл); 1 (2024 жыл);
  • ШҚО - 1 (2024 жыл);
  • Түркістан облысы - 3 (2023 жыл); 3 (2024 жыл);
  • Павлодар облысы - 1 (2024 жыл);
  • Қарағанды облысы - 2 (2024 жыл);
  • Жетісу облысы - 1 (2023 жыл); 1 (2024 жыл);
  • Жамбыл облысы - 1 (2023 жыл); 1 (2024 жыл);
  • Атырау облысы - 1 (2023 жыл);
  • Алматы облысы - 1 (2023 жыл); 2 (2024 жыл);
  • Алматы қаласы - 1 (2023 жыл); 
  • Ақмола облысы - 1 (2023 жыл); 
  • Абай облысы - 1 (2023 жыл).

Ресми мәліметке сүйенсек, мұндай жағдай Түркістан облысында көп тіркелген.

Ведомство мәліметінше, 15-17 жастағылар арасындағы жүктілік көрсеткішіне тек оқушы қыздар емес, коледждердегі студенттер және мектептен тыс оқитын жасөспірім қыздар кіреді.

  • Министрлік ерте жүктіліктің алдын алу үшін не істеп жатыр?

Министрлік мәліметіне сүйенсек, медицина қызметкерлері ерте жыныстық қатынастың, аборттың профилактикасы, жеке гигиена мәселелері, жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу, репродуктивті денсаулықты сақтау және нығайту, емшек сүтімен қоректендіру, отбасын жоспарлау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

Ведомство тарапынан Жастар денсаулық орталығы құрылған. Орталық 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастар, ата-аналар мен педагогтер арасында ерте жыныстық өмірдің алдын алу, отбасын жоспарлау, контрацептивтерді пайдалану, қалаусыз жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.