Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жүктемесі аз болды: Бішімбаев ісіне судья қалай таңдалды?

Астана қаласында өтіп, көпшіліктің ерекше назарын аудартқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде Айжан Көлбаева судья болды. Жоғарғы сот төрағасының судьясы Елена Максюта тілшілермен кездесуде бұл процеске судьяны компьютер таңдағанын алға тартты, деп хабарлайды Paryz.kz, El.kz-ке сілтеме жасап. 

Жүктемесі аз болды: Бішімбаев ісіне судья қалай таңдалды?
Фото: © El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Біздегі механизм бойынша, адамдардың араласуынсыз бәрін компьютер таңдайды. Бұл жерде судьяның жүктемесі есепке алынады, сөйтіп автоматты түрде таңдалады, - деді ол.

Ал судья Айжан Көлбаеваның айтуынша, процеске қызығушылықтың дәл осындай болады деп ойламаған.

Дәл бұлай болады деп ойлаған жоқпын. Әдеттегідей процесс болатын шығар дегенмін. Бұл мен қараған ең қиын іс деп айта алмаймын. Әлеуметтік желіде маған қатысты пікір жазыла бастағанда таңғалдым, - деді Айжан Көлбаева.

Айта кетейік, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған