Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Биылғы жылыту маусымына 8,6 млн тонна көмір қажет

Барлық өңірлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде 

Биылғы жылыту маусымына 8,6 млн тонна көмір қажет
gov.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 2024 жылғы 20 тамызда Үкіметтің отырысында Қазақстандағы жылу маусымына дайындық қай кезеңде екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Алдағы жылыту кезеңінде көмір өніміне қажеттілік 8,6 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге 2,3 млн тонна, халықты тұтынуға 6,3 млн тонна қажет. Жылыту маусымы басталғаннан бері шамамен 1 млн тонна жеткізілді – бұл жылдық жоспардың 12%", – деді Қанат Шарлапаев.
 
"Білім беру нысандарының дайындығы 88%-ды құрайды. Кестеден бес өңір артта қалып отыр: Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстары және Алматы қаласы. Денсаулық сақтау нысандары бойынша жағдай ұқсас, дайындық пайызы 87%, яғни 5788 нысанның 5038-і бүгінде дайын. Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарында және Шымкент, Алматы қалаларында төмен көрсеткіштер. Тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстары 35 433 үйде аяқталды – бұл жоспардың 70%. Шымкентте тұрғын үй дайындығының тиісті қарқыны байқалуда", — деді Қанат Шарлапаев.