Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Ес-түссіз болған»: Атбасарда полицей екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен

18 тамызға қараған түні сағат 02:50-де Атбасарда жол апаты болып, оған полиция қызметкері кінәлі болып шықты, деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ес-түссіз болған»: Атбасарда полицей екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен
Сурет: facebook.com/police.kazakhstan

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті басқарған полицей екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, олардың бірі оқиға орнында көз жұмды.

«Оқиғаға қатысы бар жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол тергеумен ынтымақтасады. Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші ес-түссіз болған. Қазіргі уақытта ол ішкі істер органдарынан осы келеңсіз себептермен жұмыстан босатылды» деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.

«Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз және тергеу жан-жақты, объективті және ашық жүргізілетініне сендіреміз» деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Айта кетейік, шілде айында Ақтөбе облысында да адам өлімімен аяқталған жол апатынан жеті полицей жұмыстан босатылған болатын.