Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Egov порталы арқылы алаяқтардан қорғану жолы

Алматы полициясы "Egov" порталы арқылы алаяқтардан қорғануды ұсынды, - деп хабарлайды Paryz.kz, Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Egov порталы арқылы алаяқтардан қорғану жолы

Алматыдағы "Киберпол" интернет пен телефон алаяқтығының көбейіп бара жатқанын ескертті.

"Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында азаматтарға "eGov mobile" мобильді қосымшасында немесе "eGov.kz" порталында несие мен шағын несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтініш беруді ұсынамыз. Несиелер мен шағын несиелерді рәсімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде жойылады. Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта өтініш беру арқылы жоюға болады.

Несие алудан ерікті түрде бас тарту қызметі "eGov mobile" мобильді қосымшасының басты бетіндегі Танымал қызметтер бөлімінде қолжетімді. Осыған ұқсас қызметті "eGov.kz" порталының Азаматтар – Кеден және салықтар – Экономика және қаржы бөлімінде де алуға болады, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.