02.03.2021, 11:18

Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімшесінің басшысы ұсталды

фото: видеодан скриншот

Оның орынбасарымен бірге 4 жыл бойы 100-ден астам қызметкерінен 8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырғаны анықталды.

Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдіке ілінді, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысын Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстады.

"Сондай-ақ, оның орынбасарымен бірге 4 жыл бойы 100-ден астам қызметкерінен 8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат 201-бапқа сәйкес, тергеу мүддесіне сай жария етілмейді", - делінген хабарламада.