Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Енді ЖК салық режимін Kaspi.kz мобильді қосымшасында ауыстыруға болады

Kaspi.kz Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістеркомитетімен және Цифрлық даму министрлігімен бірлесеотырып, жеке кәсіпкерлерге арналған жаңа қызметті іске қосты. Енді жеке кәсіпкер тікелей Kaspi.kz мобильдісуперқосымшасында ЖК реквизиттері мен салық режимін өзгерте алады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Енді ЖК салық режимін Kaspi.kz мобильді қосымшасында ауыстыруға болады
Фото: kaspi.kz

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

«Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Kaspi.kz мобильді қосымшасында тағы бір жаңа қызметті іске қосыпотырмыз, оның көмегімен кәсіпкерлер өздерінің салықрежимін және ЖК реквизиттерін өз бетінше өзгерте алады. Енді кәсіпкерлер құжаттарды рәсімдеуге аз уақыт жұмсап, бизнесін дамытуға көбірек уақыт бөле алады. Қазірдіңөзінде жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлерKaspi.kz және Kaspi Pay мобильді қосымшалары арқылыкөлік салығын, мүлік салығын, табыс салығын, жерсалығын, кедендік алымдарды, ҚҚС және басқа да көптегенсалықтарды төлеп жатыр».

2023 жылы Kaspi.kz онлайн қызметтерінің көмегімен 1,2 триллион теңге салық төленді. 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында төленген салық сомасы 797 миллиард теңгегежетті. Осы уақытта 16 миллионнан астам төлем жүргізілді. Ең көп төленген салықтарға МӘМС жарналары мен аударымдары, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтікаударымдар, әлеуметтік салық және мүлік салығы кірді.

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке кәсіпкерлерге бизнес жүргізу ыңғайлы болуы үшін онлайн қызметтерді, соныңішінде финтех компаниялармен және екінші деңгейлібанктермен серіктестікте үнемі жетілдіріп отыратынын атапөтті.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістеркомитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев:

«Жеке кәсіпкер арнайы салық режимін өзі өзгерте алады. Мұны бірнеше жолмен жасауға болады: Kaspi.kz мобильдіқосымшасы арқылы, салық төлеушінің кабинеті арқылынемесе қағаз тасымалдағышта, мемлекеттік кірістероргандарына тапсыру арқылы. Таңдалған режимнің басталукүні хабарлама берілген айдан кейінгі айдың 1-і болады. Сондай-ақ кәсіпкер өз тіркеу деректерін Kaspi.kz мобильдіқосымшасы, салық төлеушінің кабинеті немесе E-licenseэлектрондық лицензиялау арқылы өзгерте алады».

ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы Айнұр Юсупова:

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі барлық санаттағы азаматтар мен кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қызметтерді жақсарту және оңайлату бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Біздің Kaspi.kz және Қаржы министрлігімен ынтымақтастығымызҚазақстанда бизнесті жүргізуді айтарлықтай жеңілдететіныңғайлы және тиімді құралдарды жасауға бағытталған.

Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы жаңа қызметтің іскеқосылуы біздің цифрландыру және мемлекеттік қызметтердіжақсарту стратегиямыздың тағы бір қадамы. Ендікәсіпкерлер салық режимін және өз бизнесінің басқадеректемелерін бірнеше минут ішінде салық басқармасынабармай-ақ өзгерте алады. Біз мұндай бастамаларҚазақстанның цифрлық экожүйесінің одан әрі дамуынажәне мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпалетеді деп сенеміз».

Бұрын кәсіпкер ЖК деректемелерін және салық режимін өзгерту үшін құжаттармен салық басқармасына баруы немесе электронды цифрлық қолтаңба көмегімен салық төлеушінің кабинетінде өз деректерін өзгертуі қажет болатын.

Енді бұл әрекетті Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттікқызметтер» бөлімінде әлдеқайда жылдам әрі ыңғайлыорындауға болады. Қызмет барлық ЖК-ге олардыңтіркелген орны мен уақытына қарамастан қолжетімді.

Қосымшада келесілерді өзгертуге болады: ЖК атауымен мекенжайы; салық органы; ЭҚЖЖ бойыншанегізгі және қосымша қызмет түрлері; салықрежимі. Kaspi.kz қосымшасында деректемелерөзгертілгеннен кейін 24 сағат ішінде мемлекеттікоргандардың базасында автоматты түрдежаңартылады.

ЖК салық режимін және басқа деректемелерді қалай өзгертуге болатыны туралы толығырақ ақпаратты Kaspi.kz мобильді суперқосымшасындағы Гид қызметінен оқыңыз.

 

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау. Инновациялардыңорталығында елдегі ең танымал мобильдісуперқосымша Kaspi.kz тұр, оны 14 миллионнанастам қазақстандық пайдаланады.

Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражаттарынбасқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар алады, онлайн, үйге тегін жеткізу қызметімен бірге тиімді зат сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін Kaspi Pay суперқосымшасын да жасады, оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay қосымшасы арқылы қазақстандық кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржы алады, төлем қабылдайды, жарнамалық кампанияларды іске қосады, салық төлейді, Kaspi Магазин және Kaspi Жеткізу қызметіне қосылып, өз тауарларын бүкіл ел бойынша сатады.