Айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева Париж олимпиадасында грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанған Демеу Жадыраевтың туған ауылын көрсетіп, жолдарын сынады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Бауырымыздың жарысын бәріміз күттік қой. Олимпиаданың күмісі бұйырған екен, құтты болсын. Үшарал халқы алаңға шығып осы жарысты тамашалаған екен. Чемпион ұлдардың ауылына жасалған жағдай бізге де жасала ма деген үміт те бар еді ғой.
Осындай батыр ұлдың ауылына да асфальт төсеп, Жетісу жұрты тік тұрып қарсы алғалы жатқан шығар. Медаль құтты болсын, қазақ елі», - деп жазды ол.