Алматыда сауда орталығының ойын алаңында ата-аналар төбелесті

ӘҚБтК-нің 73-бабы ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") дерегі бойынша іс тіркелді.

Алматыда сауда орталығының ойын алаңында ата-аналар төбелесті
фото: дереккөз

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде ата-аналар төбелесіп, видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады holanews.kz.

Instagram желісінде жарияланған видео кейіннен өшірілген. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғаны көрінеді. Ал жанжалдың шығу себебі белгісіз.

"ӘҚБтК-нің 73-бабы ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") дерегі бойынша іс тіркелді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған бап бойынша кінәлілерге 15 айлық есептік көрсеткіш (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.