Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Үкімет ПТР-тест тапсырмаған жолаушылар үшін күніне 6 млн теңге жұмсайды

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті анықтамасы жоқ қазақстандық жолаушылар ПТР-талдау әдісі арқылы тест тапсырып, қазір карантиндік стационарда талдау нәтижесін күтіп отырғанын айтты.

Үкімет ПТР-тест тапсырмаған жолаушылар үшін күніне 6 млн теңге жұмсайды
фото: qazaqstan.tv

Жергілікті билік ПТР-тестсіз елге келген жолаушыларға бір тәулікте 6 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсайды, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

28 ақпанда 729 жолаушы Қазақстанға коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР-анықтамасыз келген. Енді олар бұл тестті мемлекет қаражаты есебінен тапсыратын болды.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты зертханалар бір тест үшін 8025 теңге (шамамен 20 доллар) жұмсайды. Осылайша, 729 жолаушы үшін Үкімет 5,8 миллион теңге (шамамен 14 мың доллар) көлемінде шығынды көтереді.

2021 жылдың 28 ақпанында Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив аралдары, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық рейстер орындалды. 3 210 әуе жолаушысының ішінде 2 481 адамда ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтамалары болған. Ал Қазақстанның 729 азаматы мұндай анықтамасыз келген.

Соның ішінде, 15 рейс орындалған Алматы әуежайындағы 2 033 жолаушының 1 693-інде анықтама болса, 340 жолаушыда анықтама болмаған; Нұр-Сұлтандағы 8 рейспен келген 1 177 жолаушының 788-інде анықтама бар, 389-ы ПТР-тест тапсырмаған.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті анықтамасы жоқ қазақстандық жолаушылар ПТР-талдау әдісі арқылы тест тапсырып, қазір карантиндік стационарда талдау нәтижесін күтіп отырғанын айтты.

Сондай-ақ ПТР-тест қорытындысы бойынша Дубай-Алматы рейсімен ұшып келген 4 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған.