Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Тараз әкімдігі Елдос Сметов тұратын көшеге асфальт төсеп берген (ВИДЕО)

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов 5 тамызда Қазақстанға оралып, Тараздағы өз үйіне барады. Ал, жергілікті әкімдік даңқты спортшыны күтіп алуға білек сыбана кірісіп кеткен секілді.

Фото: olympic.kz

Әлеуметтік желіде Елдос тұратын көшеге жаңа асфальт төселгені түсірілген видеоролик тарады.

Видео авторы – жергілікті журналист Исламбек Дастан.

Аталған видеороликте кадр сыртындағы дауыс бұл көшеде Елдос Сметовтің тұратыны және оның келуіне орай жаңа жол төселгенін айтады. Ал, чемпионның үйінің алдына жол салушылар асфальтті аямай құйғаны көрініп тұр.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Елдос Сметов 60 кг салмақ дәрежесінде күресіп, жарыс жеңімпазы атанды.