01.03.2021, 10:40

"Туыстарымыз уайымдап жүр": суретіне ине шаншылған жігіттің сыры

фото: ашық дереккөз

Жігіттің айтуынша, оның суреттегі Аружан есімді қызбен танысқанына 2 жыл болған. Сол ауақытта араларына көп адам түскен көрінеді...

Әлеуметтік желіде тарап кеткен суреттегі жігіт - Алматы қаласының тұрғыны Әлішер Қабаев байланысқа шықты. Ол өзінің instagram-дағы парақшасында оқиғаның мән-жағдайын түсіндіріп, уайымдап жатқан адамдарға алғысын білдірді, деп хабарлады paryz.kz, Masele Qaz веб-сайтына сілтеме жасап.

Жігіттің айтуынша, оның суреттегі Аружан есімді қызбен танысқанына 2 жыл болған. Сол уақытта араларына көп адам түскен көрінеді. Соған қарамастан, ол екеуі әлі қол ұстасып, кез келген қиындықты бірге еңсеретінін жеткізді.

Тағы оқи отырыңыз: "Бірнеше жерден ине қадалған": Алматыда зират басынан қорқынышты сурет табылды

"Бұл бізді көре алмайтын адамдардың істеген ісі деп білеміз. Бір жағынан бұған мән бермеуге болар еді. Алайда осы оқиғадан кейін достарымыз, туған-туыстарымыз бізді уайымдап, күнде хабарласады. Сондықтан біз де бұған назар аударуға мәжбүр болдық", - деді Әлішер Қабаев.