Танымал журналист коронавирустан көз жұмды

Қазис Тоғызбаев 2007 жылы қаңтарда Қазақстандағы демократиялық құндылықтарды дамытуға қосқан үлесі үшін "Азаттық" сыйлығымен марапатталған. 

Танымал журналист коронавирустан көз жұмды
фото: ашық дереккөз

Кеше Алматыда танымал журналист Қазис Тоғызбаев 72 жасында коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады paryz.kz

25 қаңтарда Қазис Тоғызбаев коронавирусқа шалдыққандықтан ауруханаға жатқызылған. Бір айдан кейін емделіп шыққан оның жағдайы қайта нашарлапты. Ал жақындары оның жүрегі тоқтағанын мәлімдеген.

Қазис Тоғызбаев 2008 жылдың қыркүйегінен бері Азаттық радиосының қазақ қызметінде тілші ретінде жұмыс істеген. Ол әскери қызметінен соң журналистикаға, фотожурналистикаға бет бұрған. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде қызмет етіп, kub.info сайтында блог жүргізген. Ол Алматыдағы Шаңырақ ықшам ауданынан жұртты күштеп көшіру жайлы фоторепортаждар жасаған.

Қазис Тоғызбаев 2007 жылы қаңтарда Қазақстандағы демократиялық құндылықтарды дамытуға қосқан үлесі үшін "Азаттық" сыйлығымен марапатталған.