13.09.2020, 11:19

Астана маңындағы жасыл желекте мал жайғандар жауапқа тартылуда

Kazinform

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қараусыз жайылып жүрген малдардың иелеріне әкімшілік хаттамалар толтыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінен мәлім еткендей, Есіл аудандық полиция басқармасының табиғатты қорғау полицейлері Ильинка – Қосшы айналма жолына жақын жерден жасыл желек арасында қараусыз жайылып жүрген ауылшаруашылық малдарын анықтаған.

Жүргізілген іс-шара барысында ірі қараның иелері анықталып, оларға әкімшілік сипаттағы жаза қолданылды. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы (Ауылшаруашылық малын жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен бірге, мал иелерімен мәслихат шешімімен бекітілген астана аумағында жануарларды ұстау ережесін сақтау қажеттігі бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деді қалалық Полиция департаментінен.