Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Діни әдебиеттер қайда таратылады?

Діни әдебиеттер деген не?

Діни әдебиеттер қайда таратылады?
Фото: pixabay.com

Діни әдебиет дегеніміз – діни мазмұнға ие (теологиялық, діни-каноникалық, ритуалдық-мистикалық, әлеуметтік-теологиялық) және тұрғындардың діни және рухани-діни ұстанымдарынан туындайтын өзге де әлеуметтік мәні бар сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған баспа немесе электрондық өнім (кітаптары, брошюралар) болып табылады, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Діни мазмұндағы ақпараттық материалдар дегеніміз – діни мазмұндағы ақпаратты қамтитын, діни әдебиетке жатпайтын баспа түріндегі немесе электрондық өнім». Аталған ұғымдарға сүйене отырып, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарға келесі баспа түріндегі немесе электрондық материалдар жатады:
- діни мазмұндағы ақпараттық бюллетендер, діни уағыздар, құдай ілімі туралы сөз сөйлеу, діни-канондық мәтіндерге түсініктеме, діни лекциялар және діни білім беруге арналған сөз сөйлеу мәтіндік материалдары және жинақтары;
- діни бірлестіктермен өткізілетін және теологиялық тақырыпқа арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер және конференциялар материалдары;
- діни мазмұндағы мәтіндері бар үндеу хаттар, буклеттер;
- діни ілім мәтіндері, діни сипаттағы цитаталары бар діни күнтізбелер.

Діни әдебиетке, діни мазмұны (теологиялық, діни-канондық, ритуалды-мистикалық, әлеуметтік-теологиялық) бар кітаптар, баспа немесе электрондық түріндегі брошюралар жатады.

Қазақстан Республикасында діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды тарату мәселесі тиісті заңнамалық актілерімен реттелген.

Діни әдебиеттер мен заттарды қайдан алуға болады?

Бұл бүгінгі күннің басты сауалы болуға тиіс. Өйткені имандылыққа бет бұрып жатқан жастарымыз көп. Олар әлі қай нәрсенің шынайы, қайсысының алабөтен ықпалы барын білмейді.

Тәуелсіздік алған жылдары діни мазмұндағы кітаптар мен заттарды кез келген сату дүкендерінде немесе басқа да сауда орталықтарында сата беру мүмкіндігі болса, 2011 жылдан бастап «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес әдебиет сататын орындар міндетті түрде рұқсат алуы керек. Ол жердің өзінде дінтану сараптамасынан өткен діни әдебиеттер ғана сатылады.

ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 9-бабында «Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, дінге қатысты құралдарды тек қана ғибадат үйлерінде (құрылыстарда), діни білім беру мекемелерінде, сонымен қатар, облыс (республикалық маңызды қалалардың, астананың) жергілікті атқару органдары бекіткен арнайы стационарлық үй-жайларында таратуға болады» делінген.

Осы орайда, уәкілетті орган тарапынан тұрақты түрде діни әдебиет пен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарататын орындарға мониторинг жүргізіліп, Заң талаптарына сай дінтанулық сараптамадан өтуін қадағалау жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Заңда көрсетілген орындардан тыс жерлерде діни әдебиет пен діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды тарату фактісі орын алған жағдайда құқық қорғау органдарымен бірлесе ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабына сәйкес, іс қозғалып, хаттама толтырылады.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бері Заң талаптарын сақтамай діни әдебиет пен діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратқан Алматы қаласының 2 тұрғынына қатысты 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.