27.02.2021, 16:00

Атырау облысында жақындарынан жәбір көрген 840 әйел полицияға арызданған

фото: inform.kz

Орталық қызметкерлері 450 әйелге 116 заңгерлік, 55 психологияық және 279 әлеуметтік көмек көрсеткен.

Атырау облысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 26 ақпан – 1 наурыз аралығында "Тұрмыс" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлады Polisia.kz.

2020 жылдың 12 айында ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарына жақындарынан зардап шеккен 25 әйелді және олардың кәмелетке толмаған 54 баласын орналастырды. Қазір аталған орталықта 4 әйел мен 8 кәмелетке толмаған бала бар. Орталық қызметкерлері 450 әйелге 116 заңгерлік, 55 психологияық және 279 әлеуметтік көмек көрсеткен.

Өңір полицейлері отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілерді тарта отырып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық орындарда жадынамалар таратады.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары осыған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықты уақытша паналаған. Кейін мекенжайын өзгерткен әйелдердің қазіргі жай-күйін, тұрмыс-тіршілігін білу мақсатында олардың мекенжайларын аралайды.