Екібастұзда мектеп директоры мұғалімдерге қырындаған

Ол бірнеше педагогты міндетіне жатпайтын мектеп ауласын абаттандыру жұмысына да тартқан...

Екібастұзда мектеп директоры мұғалімдерге қырындаған
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында білім беру саласындағы біраз былықтың беті ашылды, деп хабарлады paryz.kz, pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Еркімбек Аязбаев Екібастұзда қызметкерлеріне қырындаған мектеп директорына қатысты іс туралы айтты. Оның айтуынша, түскен шағымдар бойынша өткен жылы баласының сабаққа қатысуын қамтамасыз етпеген бір ата-анаға да шара қолданылған.

Сондай-ақ, Ақсуда "Педагог мәртебесі туралы" заңды бұзған директор жауапкершілікке тартылған. Ол бірнеше педагогты міндетіне жатпайтын мектеп ауласын абаттандыру жұмысына да тартқан. Мектеп директорына әкімшілік кодекс бойынша ескерту берілген.