Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Ринат Зайытовқа кәсіпкер көлік мінгізді (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Ақсуатта жаңа көлік мінді. Бұл туралы белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тастекей Instagram-дағы парақшасына жазды.

Ринат Зайытовқа кәсіпкер көлік мінгізді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

«Асыл бесік – Ақсуат спорт және өнер фестивалінде Ақсуат жұрты арда ұлға құрмет көрсетіп, астына көлік мінгізді», – деп жазды Дулат Тастекей. 

Желі қолданушылары «Елім деген ерге не берсе де жарасады. Сый-құрметке әбден лайық азамат, аман болсын!», «Бірін-бірі батыр дескен пейілдеріңнен айналдым, анадан арда туған азаматтар!», «Елім деген ер барда, ерім дейтін ел табылады», «Сыйлаған деген осы. Жарайсыздар!» деп құттықтауларын жолдап жатыр.