Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

«Орамалыңызды шешіп келесіз бе?»: Хиджабтағы Сара Тоқтамысова теледидарға шығу қиын екенін айтты

Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова орамал таққалы қандай қиындыққа тап болғанын жасырмады. 

«Орамалыңызды шешіп келесіз бе?»: Хиджабтағы Сара Тоқтамысова теледидарға шығу қиын екенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің айтуынша, орамал таққалы қоғам пікірі екіге бөлінген. 

“Бүгін бір ағамыз: “Басыңдағы орамалың үшін құрметтеймін” деді. Өткенде бір кісі телевидениеден хабарласып: “Сізді бағдарламаға шақырайық деп едік. Орамалыңызды шешіп келесіз бе?” дейді. “Неге” деппін сасқанымнан. Телевидениеге орамалдыларға рұқсат жоқ” дейді. Алланың парыз еткенімен Алладан қорықпайтындар ғана алысады-ау” деп күрсіндім де қойдым”, – деп жазды айтыскер ақын. 

Еске салайық, айтыс майталманы орамал тағатын сіңлілеріне үндеу жасап, тәртіпке шақырған еді.