Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы – туристердің сүйікті қаласы

Алып шаһар Алматыға былтыр 2 миллионнан астам турист келді, оның ішінде шетелдік қонақтардың саны 29.5%-ға өскен. Осылайша, отандық туризмнің әлеуеті жылдан-жылға дамып, әлемдік бәсекеге ілігуге жол ашылып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы – туристердің сүйікті қаласы
Фото: Almaty.tv

Алматы шаһары қысы-жазы шетелдік қонақтардан үзілмейтін еліміздің туристік астанасына айналды. Мәселен, қаңтар-сәуір айларында Алматы бағытына билеттерді брондау 69 мың теігеге дейін өсіп, былтырғы көрсеткіштерден 53,1%-ға артқан.

«Біз отбасымызбен Алматыға көшуге бел будық. Әсем табиғаты мен жұрттың қонақжайлығы тәнті етті. Жұмыс бабымен осы елге көшуге ұсыныс түсті, келіп, өз көзімізбен көріп, осындай шешім қабылдап отырмыз.  Мәдениет, ғимараттар бәрі-бәрі көңілімізден шықты», – деді турист (Испания) Джесус Фуентес.

«Келгенімізге қатты қуаныштымын! Айналадағылардың бәрі сондай мейірімді, қайда барсаң да күліп қарсы алады. Ең қатты ұнаған нәрсе мына алып таулар», – деді турист (Испания) Сильвия Фуентес.

Ресми статистикаға сүйенсек, Ресей, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан елдерінің туристері келушілердің арасында көш бастап тұр. Қонақтардың дені қаланың таулы табиғатына тамсанады екен. Ал туристердің көзайымына айналған Шымбұлаққа келушілердің саны 10%-ға артыпты.

«2018 жылы біз өте маңызды стратегиялық шешім қабылдадық. Яғни, курорт енді тек қыс мезгілінде ғана емес, жыл бойы жұмыс істейді. Содан бері міне, қысы не, жазы не, айырмашылық жоқ. Туристер көп. Жылына 1,5 миллионға жуық адамды қабылдаймыз», – деді Шымбұлақ тау-шаңғы курорты цифрландыру және сервис департаментінің басшы Никита Леник.

Былтыр жыл қорытындысы бойынша туристердің қалаға келуі 12,6%-ға артты, яғни 540 мың адам әлемнің түкпір-түкпірінен Алматыға келіпті. Қалалық Туризм басқармасының мәліметінше,  мегаполистің тау кластерін дамыту үшін жылдың соңына дейін тағы 100 шақырым жол жөнделмек

«2024 жылдың 1 тоқсанының мәліметтеріне сәйкес Алматы қаласына жалпы келген туристер саны – 473 мың. Туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізді. Біріншіден, 3 кэмпинг аймағын орнатты. Ол Ақбұлақ, Үлкен Алматы көлі және Мыңжылқы. Сондай-ақ 12 маршрутты қамтитын 150 км тау жолдары абаттандырылды. 2024 жылы 3 кемпинг аймағын орнату жоспарда. Сондай-ақ 100 км тау жолдарын абаттандыру жүргізіліп жатыр», – деді Туризм басқармасы талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы Мақпал Әбдіқадір.

 Саф ауа, тұмса табиғат, көздің жауын алатын көрікті мекен. Іле Алатауының көрінісінен көз ала алмай, қайта оралып жатқан жандар өте көп. Қазақстан қазір 82 елмен визасыз режимді сақтап, 42 әуе-бағыты бойынша тікелей қатынай алады.