Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Көршінің әжетханасына түсіп көз жұмған Асылымды біреулер өлтірген болуы мүмкін» - журналист

Сарығашта осыдан ай бұрын көршінің әжетханасына түсіп көз жұмған Асылым есімді кішкентай бүлдіршінді біреулер өлтірген болуы мүмкін. Белгілі журналист Гүлмира Әбіқайдың facebook пaрaқшaсында Асылымның өліміне өзге біреулердің қатысы бар болуы мүмкін деген ақпарат жарияланды.

«Көршінің әжетханасына түсіп көз жұмған Асылымды біреулер өлтірген болуы мүмкін» - журналист
фото: әлеуметтік желіден

«Сарығашта 2 ай бұрын туалетіне түсіп өлген кішкентай Асылым есіңізде ме? Сөйтсек, ол өзі түспеген екен. Бөгде адамның қатысы бар», деп жазған facebook сторисында.

Журналистің айтуынша, осыдан екі күн бұрын тура осындай жағдай қайталанған. Абырой болғанда бес жасар қызды көршілер құтқарып алған. Бірақ оқиғаның нақты қалай болғанын ашып жазбаған.

Айтуынша, осыдан екі күн бұрын дәл сондай оқиға сол ауылда, сол көшеде қайталанған. Бұл жолы бес жасар қызды көршілер құтқарып қалыпты. 

«Дәл қазір осы сауал Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сіргелі ауылына үрей туғызуда. Естеріңізде болса, 16.05.24 осы ауылдың Мамаев көшесінде тұратын 3 жасар қыз жоғалып еді. Бүкіл ел болып іздеп, алаңдап, тілеуін тіледік. Өкінішке қарай, 3-ші тәулікте кішкентай Асылымның денесі көршінің дәретханасынан табылды. Бұл қалай деп талайымыз бас қатырдық, сенбедік, дегенмен, тергеу «жазатайым оқиға» деп кінәлі жан табылмады. Енді қараңыз, сол ауылда сол көшеде, марқұммен көрші тұратын 5 жасар қыз да 2 күн бұрын дәл осындай оқиғаны бастан кешеді. Айтуына қарағанда оны бір адам «Жүр, кішкентай көжектер көрсетемін» деп шақырған. Ары қарай қорқынышты енді», - дейді журналист.
Естеріңізде болса, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында із-түссіз жоқ болып үш күн бойы іздестірілген үш жасар қыздың денесі көрші үйдің дәретханасынан табылған еді.

Сұмдық оқиға Сіргелі ауылында болған. Бүлдіршін таңғы асты ішіп болған соң үлкендер әрлі-берлі жиналғанша із-түссіз жоқ болған. Кейін қызды күллі ауыл болып үш күні іздеген. Ауылдағы барлық құдық, дәретхана, құбырлар сорғызылып қаралған.

Алайда үш күннен соң бүлдіршіннің денесі қарама-қарсы көрші үйдің дәретханасынан табылды.