Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Жер қазақстандықтарға да сатылмасын!" - Балғынбек Имашев

Сондай-ақ ол қазақ қызына үйленіп я болмаса басқа да себептермен Қазақстан азаматтығын алған "келімсектерге" де жер сатылып, жалға берілмесін деген пікірде. 

"Жер қазақстандықтарға да сатылмасын!" - Балғынбек Имашев
фото: ашық дереккөз

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев жер қазақстандықтарға да, Қазақстан азаматтығын алған азаматтарға да берілмесін деген пікірде, деп хабарлады paryz.kz

"Әссәләму ғәләйкум уә рахматуллаһи уә бәрәкәтүһ! Жұма берекелі болсын, жақсыларым. "Жер шетелдіктерге сатылмайтын және жалға берілмейтін болды" деп бөркімізді аспанға атып қуану қандай бейшаралық? Жер деген Мемлекет болудың алғышарты емес пе? Ұлтсыз мемлекет құруға болады. Бірақ, жерсіз мемлекет болмайды!

Жерді сату - Отанды сату! Біз кешелі бері "Президент Отанды сатпайтын болды" деп қуанып жүрміз. Қасым-Жомарт Кемелұлына рақмет! Даулы мәселенің нүктесін қоюға пәрмен берді. Енді Парламенті бар, басқа да құзырлы органдар осы мәселені күлбілтелемей, кібіртіктемей, шегелеп тастаса жарар еді. Бірақ ең басты мәселе: Жер қазақстандықтарға да сатылмасын!!! Бүгін жемқорлықпен, парақорлықпен болсын, адал кәсіппен болсын (бұл мүмкін бе біздің елде?) дүние жиып үлгерген бай-бағландар, қалаған жерін меншіктеп алып, ертең келетін ұрпақ үй салып, мал бағатын, егін егетін жер түгіл өлігін көметін көр таба алмай, үнділер құсап мәйіттерімізді өртеп жүрмейік", - дейді ақын.

Тағы оқи отырыңыз: Президент шетелдіктерге жер сатуға біржола тыйым салды

"Елбасына алтыннан ескерткіш қойса, артық болмайды" - Балғынбек Имашев (ВИДЕО)

Сондай-ақ ол қазақ қызына үйленіп я болмаса басқа да себептермен Қазақстан азаматтығын алған "келімсектерге" де жер сатылып, жалға берілмесін деген пікірде. 

"Мемлекетті құраушы кім болса, жер де соныкі. Ұлан байтақ жерді қанымен қорғап, ұрпағына мұра қалдырған бабаларымыздың аманатына қиянат жасауға болмайды. Әрине, бұл шешімге қуанбайды емес, қуанамын! Қуана отырып ұяттан қызарамын, ызадан қуарамын. Өз мемлекетіңде отырып өз жеріңе, өз тіліңе, өз дініңе, өз жанұяңа, өз денсаулығыңа қастандық жасалмағанына мәз болып қуану - қандай қасірет?!" - дейді айтыскер.

Желі қолданушылары оның сөзін қолдауда. Мұның орынды сөз екенін айтып жатыр.