Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Утиль алымына қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Бүгін утиль алымы мәселесі жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауы өтеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq,kz-ке сілтеме жасап. 

Утиль алымына қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау өтеді
Фото: kaznovosti.kz

Көпшілік тыңдау Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің YouTube арнасында трансляциялар бөлімінде тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда утиль алымына қарсы петицияға 50 мыңнан аса адам қол қойды. Сондықтан осы мәселені қарайтын жұмыс тобы құрылып, оның мүшелері белгілі болды.

Алайда жұмыс тобының алғашқы отырысы өтпей қалды. Өйткені утиль алымына қарсы петицияны қарайтын жиынға белсенділерді телефонмен кіргізбей қойған.

Одан кейін жұмыс тобы бірнеше рет жиналып, мәселені талқылады.

Сондай-ақ олар Қазақстанның өңір-өңіріндегі көлік құрастыратын зауыттарды аралады.

Дегенмен мұнда да сол мәселе қайталанды. Себебі утиль алымына қарсы петиция бастамашылары мәселен Семейдегі көлік зауытын көруге келмеді.

Маусымның соңында жұмыс тобы АгромашХолдинг KZ пен Allur зауытында болды.

Айта кетейік, қазақстандықтар екі жылда 447,3 млрд теңге утильалым төлеген.