Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Лицензиясынан айрылған "AsiaCredit Bank" салымшыларына 7 млрд теңге төленді

Бұл - Қордың банк салымшылары алдындағы міндеттемелерінің жалпы көлемінің 37 пайызы.

Лицензиясынан айрылған "AsiaCredit Bank" салымшыларына 7 млрд теңге төленді
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры "AsiaCredit Bank" АҚ салымшыларына агент банк ретінде таңдап алынған "Евразийский банк" АҚ арқылы кепілдік берілген өтем төлеу басталды, деп хабарлады paryz.kz.

2021 жылдың 25 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры азаматтарға агент банк арқылы шамамен 7,06 млрд теңге төледі. Бұл - Қордың банк салымшылары алдындағы міндеттемелерінің жалпы көлемінің 37 пайызы.

Кепілдік берілген өтемді алу үшін "AsiaCredit Bank" АҚ салымшылары агент банктің кез келген филиалы немесе бөлімшесіне барып, немесе www.eubank.kz сайты арқылы төлем алуға өтініш толтырулары тиіс. Өтемді алу үшін салымшы жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі қажет. Егер салымшының орнына басқа адам өтініш беретін болса (сенімхат бойынша өкіл, мұрагер, басқа да құқық иеленуші), онда агент банкке: сенімхат, нотариус куәландырған мұрагерлік құқығы туралы куәлік немесе басқа да құқық белгілеуші құжаттар ұсынылады.

Депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпараттар Қордың www.kdif.kz сайтында қолжетімді.Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, сондай-ақ ҚДКБҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ [email protected] электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.