Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мердігерлері бюджет қаражатын жымқырған

Ведомствоның мәліметінше, бұл қаражатқа 300 орындық балабақша салуға немесе медициналық мекемелер үшін сапалы жабдықтар сатып алуға болады.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мердігерлері бюджет қаражатын жымқырған
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мердігерлерінің мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды. Фактіні Қаржы мониторингі агенттігі анықтады, деп хабарлады paryz.kz

"Тергеу барысында қала әкімдігінің тауар-материалдық құндылықтарды жоғары бағамен сатып алғаны анықталды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 1 млрд теңгеден асады", - деді агентік.

Ведомствоның мәліметінше, бұл қаражатқа 300 орындық балабақша салуға немесе медициналық мекемелер үшін сапалы жабдықтар сатып алуға болады.

"Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы ("Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.