03.07.2024, 10:18

«Мен түсінетін тілде сөйле»: қазақстандық танымал автопилот қазақша сөйлеуден бас тартты

фото: әлеуметтік желіден

Артем Чекменев – Қазақстандағы Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі. Әлеуметтік желіде оның қазақ тілінде сөйлеуден бас тартып, дауласып жатқан видеосы таралып жатыр, деп хабарлады Paryz.kz 1BOL сайтына сілтеме жасап.

Ер адамдар арасында дауға не себеп болғаны белгісіз. Дегенмен, қазақ тілінде сұрақ қойған жас бала Чекменевтен ұрыс естіп жатқанын көруге болады.

«Сен мен түсінетін тілде сөйле, әйтпесе менімен мүлде сөйлеспе, ұқтың ба? «Ей» деп әйеліңе айтасың. Сен орыс тілін түсінбейсің ғой, братан», – дейді ол.

Қазір Артем Чекменев Instagram парақшасындағы соңғы посттарға пікір қалдырмайтындай етіп қойған. Дегенмен, желі қолданушылары оның бұрын шыққан жазбаларына неліктен қазақ тіліне қарсы екенін сұрап, пікір жазып жатыр.