Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ішкі туризм: «Мен бағындырған Алатаудың 15 шыңы» жобасының жеңімпаздарды марапатталды

Ішкі туризмді дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаның талабы бойынша қатысушылар Іле Алатауындағы 15 шыңды бағындыруы керек болатын. Қатысуға ниет білдірген 2500 адамның, 50-ден астамы барлық 15 шыңға қиындықсыз шыққан. «Мен бағындырған Алатаудың 15 шыңы» әлеуметтік жобасы екі жыл бұрын басталған, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ішкі туризм: «Мен бағындырған Алатаудың 15 шыңы» жобасының жеңімпаздарды марапатталды
Фото: 24.kz

Мақсат – ішкі туризмді дамыту, табиғаттың кереметін көрсету, дейді ұйымдастырушылар. Алатауды бетке алғандар бұрыннан танымал «Көк жайлау» мен «Фурманов» шыңын бағдар етеді. Ал шын мәнінде жаңа бағыттар өте көп. Ұйымдастырушылар Альпинизм федерациясы мамандары мен кәсіби гидтермен ақылдасып, Алматы маңынан қолжетімді 15 шыңды анықтап, туристік аймақты кеңейтті. 

Қажым Жұмалиев, "Табиғат" республикалық қауымдастығының жетекшісі: - Мұндай керемет нәтиже болады деп өзіміз де күткен жоқпыз. Жобаға 2500 адам қатысты. Жоба талабы бойынша олар өздерін шың басында суретке түсіріп, арнайы хэштегті белгіледі. Оларға әр шыңды бағындырған сайын, значок берді. Нәтижесінде 57 адам 15 шыңға шықты. Әуесқой альпинистерді марапаттау салтанынатына жақында ғана әлемнің ең биік шыңы Эвересті бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева да келді. 

Анар Бурашева, Эверест шыңын бағындырған альпинист: - Менің ойымша, алпинистік жол, ол өте қиын. Бірақ біз, біріншіден өзіміздің отанымыздан бастау керекпіз. Сондықтан әр адам осы 15 шыңды бағындырған, менің ойымша нағыз патриоттар шығар. Өйткені бұл жеңіл емес. Кейбіреулері жеңіл болса кейбіреулері техникалық өте қиын, қауіпті. Сондықтан мен өте ризамын.

Әуесқой альпинистер бағындырған шыңдардың қатарында теңіз деңгейінен 4000 метр биік таулар да бар. Барлық қатысушылар альпинизм техникасының негіздерін үйрететін кәсіби мамандардың дайындығынан өтті.

Айта кетейік, Эвересті бағындырған қазақ қызы Анар Бурашева аз ғана уақыттың ішінде көпшілікке таныла түсті. Альпинистер «өлім аймағы» деп атайтын биіктікті бағындырған нәзік те қайсар қыз физикалық және психологиялық күшін салып, шыңды бағындырды. 10 жылға жуық қаржы саласында, банк ісінде қызмет етіп, өзі қалаған салаға бір-ақ сәтте ауысып кетеді. Өйткені Анар ұзақ жылдар скайраннингпен яғни таулы аймақта жүгірумен айналысқан еді. Енді міне Эвересті де бағындырып отыр.

«Біз бұл үлкен сапарға шықпас бұрын толықтай медициналық тексерістен өттік. Денсаулық жағынан ешқандай қарсылық белгілері болған жоқ. Ал дайындық жағына келсек, менің жаттығуларым 10 жыл бұрын, мен ультра қашықтықтағы скайраннингті бастаған кезде басталды. Өйткені өрмелеуде ең алдымен төзімділік керек, ал егер төзімділік болмаса, онда мәселе пайда болады. Сондықтан мен моральдық және психологиялық тұрғыдан толықтай дайын болдым.

Қорқыныш болды, әрине, әсіресе альпинизмнің не екенін білгенде. Бұған дейін менің максималды биіктігім 5000 болатынын ескерсек, менің ішкі және сыртқы күйімнің биіктікте қалай болатынын болжау өте қиын. Бірақ, шынымды айтсам, осы қорқыныштарға қарамастан, бәрін жеңіп шықтым, бұл қорқыныштар менің санамның шамамен 10%, санамның 90% -ын алып жатты.

Бұл маусым ең жақсы маусымдардың бірі болды. Менің ойымша, физикалық дайын адам ол жерге бара алады. Бұл, әрине, акклиматизация жаттығуы, біз 6000 метр биіктікте денеміздің өзін қалай ұстайтынын көргіміз келді. Бұл мақсатқа да жеткеніміз біз үшін үлкен қуаныш әрі жетістік. Әрине, мен бірден дайын болдым, шыдаймын, моральдық қиындықтарға төземін, өзімді көрсетемін деп алға ұмтылдым. Біріншіден, мен сол жаққа көтерілген әйелдерден шабыттандым, екіншіден, мен көптеген әдебиеттерді оқыдым. Яғни өзімді іштей де, сырттай да әбден дайындадым», дейді альпинистер Анар Бурашева.