Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Балалар мерекесі аясында ұйымдастырылған концерт алматылықтарды таң қалдырды

Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті, деп хабарлайды Paryz.kz

Балалар мерекесі аясында ұйымдастырылған концерт алматылықтарды таң қалдырды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Концертке Қазақстанның эстрада жұлдыздары, сондай-ақ балалар вокалды және би командалары қатысты.

Концерт "Сармат" ансамблінің хореографиялық нөмірінің сүйемелдеуімен "Бозторғай" хорының орындауында “Болашақ” балалар әнұранымен басталды. Содан кейін танымал артистер мен жас таланттардың дуэт болып өнер көрсетті.

"Славян базар" байқауының жеңімпазы, жас вокалист Шерхан Арыстан кішкентай Қарлығашпен бірге "Туған жер" әнін қосылып орындады. "Бүгін осында болғаныма және барлық Алматы тұрғындары үшін осы керемет жазғы демалыс - Балаларды қорғаудың халықаралық күнінде өнер көрсеткеніме қуаныштымын", - деді әнші.

Атақты күйші, Қазақстанның халық артисі Айгүл Үлкенбаева жас Ықыласпен бірге Құрманғазының әйгілі "Адай" шертті. Ол талантты жастармен әрқашан өнер көрсетуге дайын екенін айтты. 

- Жас ұрпақтың қазақ халық өнеріне деген қызығушылығына ризамын. Бұл біздің музыканың болашағы бар екенін көрсетеді, - деді Айгүл Үлкенбаева.

Скрипкашы Алуа Мақанованың "Мәрмәр" жетіген ансамблімен бірігіп орындағы "Қарлығаш" классикалық туындысы әсерлі шықты. Ал кішкентайынан танылған Ержан Максим  "Арманыңнан қалма" әнімен көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Бақытты балалық шақ туралы әнімен Айгүл Үлкенбаева, Жігер Ауыпбаев, Алмас Кішкенбаев, Элизат Берікова, АРТ Сlassic тобы, Шаба Оразхан және Сәкен Майғазиев жастарға қолдау көрсетті. Әйгілі "Қазақ қыздары" әнін КешYOU тобы жас трио Алсу Ұлыхановамен, Айрис Құлбаева және София Балғазинамен бірігіп айтты.

- Барлығын халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бүгін мен осы сахнада болып, бірге өнер көрсетіп, тәжірибемді бөліскеніме қуаныштымын. Шығармашылық жолда бұл өте маңызды, - деді Алмас Кішкенбаев.

"Біз бақытты баламыз" әнін концертке қатысушылар бірігіп орындап, артынша бағдарлама балалардың шығармашылық ұжымының өнерімен жалғасты.