Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мұғалімдер жалақысын көбейту үшін түрлі қулыққа барып жатыр

2020 жылы 1202 мұғалім ереже бұзған, ал 2021 жылдың басынан бері 349 мұғалімнің алаяқтығы анықталды...

Мұғалімдер жалақысын көбейту үшін түрлі қулыққа барып жатыр
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық мұғалімдер біліктілікті арттыру тестін тапсырмас бұрын шпаргалка мен тыйым салынған жабдықтарды өткізуге міндеттеледі. Ол алаяқтықтың алдын алу үшін қажет көрінеді, деп хабарлады paryz.kz

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов тест тапсырар алдында мұғалімдерге міндетті скрининг енгізуді ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған. 

Біліктілік тесті кезінде мұғалімдердің жаппай алдау әрекеттері тіркелді. Оның айтуынша, 2020 жылы 1202 мұғалім ереже бұзған, ал 2021 жылдың басынан бері 349 мұғалімнің алаяқтығы анықталды.

"Біз қадірлі педагогтерімізге асқан құрметпен қарап, олардың жұмысын бағалаймыз. Міне, сондықтан да Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы негізінде Ұлттық біліктілік тестілеудің қатысушыларында тыйым салынған заттардың (смартфондардың, шпаргалкалардың және басқа да құрылғылардың) бар-жоғы тексерілмейтін. Өкінішке қарай, кейбір әріптестеріміз біздің көрсеткен құрметімізді әлсіздік санап, тыйым салынған заттарды жаппай қолдана бастады", - деп жазды Дидар Смағұлов.

Сонымен қатар, ол микроқұлаққаптар мен микрофондарды қолданудың жаппай фактілері анықталғандығын, негізінен олардың таралымы шектеулі және пайдалануы үшін қылмыстық бап қарастырылғандығын еске салды.

"Осы фактілерді ескеріп, бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру кезінде мұғалімдерді тексеруді енгізу қажеттігін айттым", - деп атап өтті ол.

Ұлттық біліктілік тесті (ҰБТ) білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын мұғалімдер мен оларға теңестірілген адамдардың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған. Қазақстандық мұғалімдер бұл сынақтан жыл сайын өтіп отырады.