28.06.2024, 10:04

«Өлім тілеймін»: қарттар үйіндегі әжей жансырын ақтарды

Фото: видеодан скриншот

Qazaq Airan YouTube арнасында қарттар үйіндегі қариялар жанайқайын айтты, деп жазды Paryz.kz. 

Қүлбаран Шәкенова 8 жылдан бері қарттар үйін паналап келеді. 87 жастағы кейуана ұлын мүлдем сағынбайтынын айтты.

«Сағынбаймын ұлымды. Реніш бар ғой енді. Жылап жүріп баққан балам ғой. Елдің бәрі айтты ғой. «Жылап жүріп бақты ғой сені шешең» деп. Осы келгенінде айттым «кешірдім сені, өміріңді сүріп жүре бер» деп. Алладан енді өлім тілеймін», – дейді әжей.