Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Астана көшелерінде әйелдердің жамбасын ұстайтын харассер жүр (ВИДЕО)

Астана көшелерінде арулардың қыр соңынан қалмайтын харассер жүр. Елорда автобустарының бірінде түсіп қалған видеодан оның әйелдің артынан қалай аңдығанын байқауға болады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Фото: видеодан скриншот

Видеоны пабликтің біріне зардап шеккен әйелдің күйеуі жолдаған. Оқиға 12 мамырда болған.

«Әйелім кешке жұмыстан оралды, артынан аңдыған малғұн жайлы айтты. Дереу полицияға қоңырау шалып, арыз жазды», - деді ол.

Видеодан ер адамның автобуста әйелді байқағанын көруге болады, ол аялдамада әйелдің артынан шығып ерген. Дүкенге кірсе, харассер оны көшеде күтіп тұрған. Әйел сыртқа шығып, кіреберістің есігіне жеткенде, харассер телефонын шығарған. Әйелдің телефон нөмірін алуға тырысқаны байқалады. Содан кейін күтпеген жерден әйелдің жамбасынан ұстап алған.

Бұдан шошыған әйел бірден полицияға хабар берген. Алайда, зардап шегушінің күйеуі әлі полиция тарапынан ер адамның жазаланбағанын айтты.