Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шаруалар жаңа технологияға бет бұруда

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында биыл 53 мың гектарға егін егілді. Оның 7200-і көкөніс болса, 300 гектары бақша өнімдері. Көктемгі дала жұмыстарын сәтті жүзеге асырған шаруалар әлі де алқап басында тынбай еңбек етуде. Олардың басым бөлігі сұранысқа ие дақылдарға бет бұрып, су үнемдеу сияқты жаңа технологияларды да игеріп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шаруалар жаңа технологияға бет бұруда
Фото: tengemonitor.kazgazeta.kz

Ауданға қарасты Қызылқайнар ауылының кіре беріс тұсына биыл 6,5 гектар аумаққа алма ағашы отырғызылған. Тұрғындардың айтуынша, бұрын Жасөркен ауылы  дәмді алмасымен көпшілікке мәлім болған. Биыл сол жұмыстар қайта жанданып, ауданға инвестор тартылып, 2100 түп алма көшеті отырғызылды.

Алдағы уақытта 250 тонна көкөніс сақтайтын қойма соғу да жоспарланған. Ал, Жалпақтөбе ауылындағы шаруалардың басым бөлігі сәбіз мен жусай және пияз егеді. Биыл да ауылдық округ бойынша 625 гектар жерге сәбіз, 336 гектар аумаққа пияз егілген. Қазіргі кезде ауыл әкімінің тапсырмасы бойынша егінжаймен айналысатын ауыл тұрғындары арық-атыздарды тазалау жұмыстарына кіріскен.

Солардың бірі Ақбұлақ шаруашылығы. Шаруашылық жетекшісі Сейфулла Таштанбеков қазіргі таңда ескі арықтардың барлығын трактормен қаздырып, сәбізге 20 гектарға суармалы жерді дайындап отыр.

Енді былтыр дайындадық, биыл да соны жалғастыруда. Былтыр соның арқасында өнім жақсы болған. Сататынын саттылып, сатпағанын тоңазтқышқа сақтаған. Ауданда ауыл шаруашылығы саласында жаңашыл техниканы қолданатындар да қатары артқан. Полатқосшы ауылдық округінің өзінде  6  шаруа қожалық су үнемдеу технологиясын пайдалануда. Оның 3 үшеуі «Кең дала» бағдарламасы бойынша мемлекеттік субсидияға өтінім берген.

Аграрлық - өнеркәсіптік кешен – мемлекеттің экономикалық тұрғыдан дамуына үлес қосатын еліміздегі маңызды саланың бірі. Агроөнеркәсіп кешені ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге және сол өнімді тұтынушыға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларын біріктіреді.

Агроөнеркәсіптік кешеннің мақсаты – халықты азық- түлікпен, өнеркәсіпті ауылшаруашылық шикізаттарымен қамтамасыз ету және еліміздің азық- түлік қауіпсіздігін сақтау. Ол қалыпты, нәтижелі жұмыс жасауы үшін заманға лайықталған, шаруашылықты игеруге жарамды соңғы техникалармен қамтамасыз етілу керек. Ауыл шаруашылығы – агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Оның өнеркәсіптен басты ерекшелігі – ол табиғатқа, ауа райына, топырақ жағдайына тәуелді.

Осындай жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу үшін бірінші кезекте ауыл шаруашылығының жаңа технологияларына серпіліс жасалуы керек. Биыл қала іргесіндегі Жамбыл ауданында 53 мың гектар егін егілсе оның ішінде жүгері  - 1 400 га, майлы дақылдар – 2 500 га, қант қызылшасы - 1 500 га, картоп - 182 га, көкөніс – 7 200 га, бақша өнімі - 300 га, мал азығы -  24 400 га. Бүгінгі күнге 4 080 га күздік бидай, 7 605 га жаздық арпа,  1 270 га көп жылдық шөп, 2 115 га көкөніс, 385 га қант қызылшасы, 120 га майлы дақылдар, 60 га бақша, 50 га картоп себілді.

Ағымдағы жылы шаруашылықтар 112,3 млн. теңгеге 10 дана ауыл шаруашылық техникаларын алған. Оның ішінде 9 трактор, 1 тіркеме бар. Тоғызтарау ауылы аумағындағы Аса өзенінің арнасына гидротехникалық имарат құрылысы аяқталды. Бірлесу-Еңбек ауыл ірі және ұсақ малдарды емдеу орны мен шомылдаруға арналған жай орнатылған. Ал, 2024 жылдың соңына дейін Тоғызтарау ауылы аумағындағы Сұлтан каналына шлюз құрылысы жүргізіледі.  Шоқай ауылында ірі және ұсақ малдарды емдеуге арналған орын орнатылады. Жылыжай салу да жаңа технологияны талап ететін жаңаша сала.

Биылғы жылы ауданда жұмыс істейтін 8 жылыжайда 1,2 га. көкөніс дақылдары егілген. Аудан аумағында сыйымдылығы 39 230 тоннаны құрайтын көкөніс және жеміс сақтайтын 67 қойма тіркелген. Бүгінгі күнде осы қоймалардың 35-де барлығы – 8 760 тонна өнім сақталуда. Жыл бойына сақталатын өнім көлемі одан да ұлғаятын болады. Жалпы, егістіктерді әртараптандыру, жаңа тракторлар, техникалар, құрылғылар алу арқылы өнімді көп алу, бұрынғыдай қол еңбегі мен техника күшіне жүгіну жұмыстары Жамбыл ауданында жақсы деңгейде жүргізіліп келеді.