14.06.2024, 18:00

«Хиджаб» сөзі Құранда жеті рет кездеседі: дінтанушы хиджаб пен никаб жайлы айтты

Фото: freepik.com

Дінтанушы Болатжан Әл-Фараби хиджаб пен никаб жайлы пікірін «OYLA PODCAST»-та айтты. Оның айтуынша, Меккеге кірген кезде әйелдер беттерін көрсетіп, қолғаптарын шешуі керек, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.

«Қызығы, мысалы, Меккеге барғанда, қажылыққа, Меккеде никаб тағуға болмайды. Ондай тыйым бар. Демек, Меккеге кірген кезде әйелдер беттерін көрсетіп, қолғаптарын шешу керек. Хиджаб деген сөз Құранда жеті рет кездеседі. Бірақ бірде-бір рет әйел адамның киімі ретінде кездеспейді. Оның мағынасы, шымылдық немесе перде», - деп түсіндірді дінтанушы.